Остеохондроз туралы

Арқа ауруы мазаласа...

Жазда ыстық кеңсе немесе бөлмеде құтқаратын басты құрал – кондиционер. Алайда оны абайлап пайдалану керек: суық ауада мойын немесе арқаға суық тигізіп алу оңай.

Арқа ауруы көптеген факторлардан пайда болады – түнде дұрыс жатпағаннан бастап, омыртқаға салмақ түсуге дейін. Әсіресе бұл жаз маусымында белең алады: бақша жұмыстары, кондиционер мен тауға шығу сынды белсенді қимылдар ертеңінде мойынның қозғалтпай қалуына, белдің бүгілмей қалуына себеп болып жатады.

Бұл дерт омыртқаға тым көп немесе біркелкі емес салмақ түскеннен омыртқааралық дисктің қозғалып кетуінен пайда болады. Жүйке түбі қысылып, нәтижесінде әр ебедейсіз қимыл аурушаңдық тудырады. Арнайы майлар мен гельдер ауруды басады, бірақ ерте ме, кеш пе ауру қайта оралады, сондықтан аурудың бастапқы салдарын емдеу керек.

Арқа ауырғанда дәрігерлер көбіне «остеохондроз» деген диагноз қояды, ал емдік шаралар ретінде стероидтік емес қабынуға қарсы препараттарды ұсынады. Олар анальгетик, суық тиюге қарсы және ыстықты түсіретін қосындының әсерінен ауруды басады, бірақ асқазан-ішек жүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Осылайша бірін емдеп, біріне зақым келтіріп алу қаупі бар.

Бұл шырғалаңнан шығу жолы – В тобының (В1 және В6) дәрумендерін ішу. Бұлар жүйке талшықтарын қайта қалпына келтіріп, ауруды басатын қасиетке ие. Бұл қосымшалар емдеу ұзақтығын қысқартып, қабынуға қарсы препараттарды азырақ тұтынуға септігін тигізеді.

Әрине, ауруды емдегенше, оның алдын алу оңай. Бірінші кезектегі мақсат – әрдайым келбетіңді қадағалап, денені жиі шынықтыру: бұрылу, еңкею және отырып-тұру жаттығуларын жасап тұру. Арқа мен мойын бұлшық еттерін қатайтатын жаттығуларды жиі жасауға тырысу керек. Омыртқа демалуы үшін ұйықтағанда қырынан жатып ұйықтаған дұрыс. Сонымен қатар ауыр жүктерді де дұрыс көтеру қажет – салмақты екі қолға бірдей етіп бөліп алған жөн және ебедейсіз қимылдар жасамаған дұрыс. Бұл қарапайым ережелер көп күшті талап етпейді, бірақ остеохондроздың алдын алу үшін және қимыл-қозғалыстың еркіндігі үшін өте маңызды. 

Сурет: health.obozrevatel.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Ілмек сөздер: арқа ауруы, арқаның ашуы, мойынның қозғалмай қалуы, дәрумендер, В тобы дәрумендері, пайдасы

Источник: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/20400/